Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ журналистерінің кәсіби деңгейі ешкімнен кем емес

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ журналистерінің кәсіби деңгейі ешкімнен кем емес

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ журналистерінің кәсіби деңгейі ешкімнен кем емес
ашық дереккөзі
630

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында БАҚ саласы қызметкерлерін құттықтады. Сенат жоғары заң шығарушы органның жұмысын жазып-көрсетуде белсенділік танытқан бірқатар тілшілерді алғыс хатпен марапаттады.

«Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болды. Ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш ел ретінде бүкіл әлемде үлкен абыройға ие болды. Халқымызды дүниежүзіне паш етті. Қазақстандағы ұлттық ынтымақ пен ұлтаралық татулықты дүниежүзі үлгі тұтады. Әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына ену туралы Президенттің ұзақмерзімді стратегиясын жүзеге асыруда еліміздің егемендігін және мемлекетіміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде ұлттық заңнаманы қалыптастыруда Парламент табанды жұмыс істеуде», - деді Сенат төрағасы.

 Осы ретте ол 25 жыл ішінде Қазақстан Парламенті мемлекеттің қарқынды дамуына қажетті барлық заңдарды қабылдағандығын баса айтты. «Сол заңдардың мән-маңызын халыққа жеткізу жолында Сіздердің еңбектеріңіз өте мол. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан журналистикасы айтарлықтай шыңдалып, жетілді. Ақпарат құралдарының қызметі құқықтық жағынан толық қамтамасыз етілген. Бүгінде қоғам құндылықтары және басты бағдарымызды халыққа насихаттауда, ынтымақ-бірлігімізді нығайтуда журналистердің рөлі айрықша. Қазақ журналистерінің кәсіби деңгейі басқа дамыған мемлекеттердің журналистерінен кем емес. Ал көптеген өзекті қоғам мәселелері бойынша одан да жоғары деп күмәнсіз айтуға болады. Сіздердің еңбектеріңізді мен, Сенат төрағасы ретінде өте жоғары бағалаймын. Баршаларыңыздың қажырлы еңбектеріңізге толайым табыстар тілеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары