1273
Астанада сал ауруына шалдыққан балалар жүре бастады
Астанада сал ауруына шалдыққан балалар жүре бастады
Елордадағы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» ем қабылдап жатқан сал ауруына шалдыққан балалар жүре бастады, деп хабарлайды BNews.kz. Орталықта жүргізілетін үзіліссіз оңалту шаралары мүмкіндігі шектеулі балаларға үміт сыйлады. Биыл сал ауруы деген диагноз қойылған 4 бала алғашқы қадамын жасаған.
«Сиқырға сенген жоқпын,Тимур бір кезде өз бетімен жүре алады деп үміттенген де жоқпын. Орталықта балаларды оңалту үшін жасалған жағдайлардың және емдік дене шынықтыру және басқа да мамандардың адал еңбектерінің арқасында мен сенбеген ғажайып болды. Ұлым қысқа уақытта қадам баса бастады», – дейді Тимур Айдархановтың анасы – Назым.
Бүгінде елордада стационар және жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік стационарлық және стационарлық емес әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің жүйесі құрылған.
Арнайы әлеуметтік қызметтерді 3 медициналық-әлеуметтік мекемелер көрсетеді:
- «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;
- «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;
- «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;
- «Астана қаласы әкімдігінің әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КҚМК;
- «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан немесе зорлық-зомбылық қатерінен зардап шеккен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» КМК;
- «Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ.