ЕО жылдың соңына дейін Ресей мұнайына тыйым салуы мүмкін

ЕО жылдың соңына дейін Ресей мұнайына тыйым салуы мүмкін

ЕО жылдың соңына дейін Ресей мұнайына тыйым салуы мүмкін
ашық дереккөзі
50357
Еуропалық одақ санкцияның алтыншы пакетін әзірлеп жатыр, оның аясында Ресей мұнайына толығымен тыйым салу және Ресей мен Беларусь елінің бірнеше банктерін SWIFT жүйесінен ажырату жоспарланып отыр, олардың арасында Sber де бар деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.  Bloomberg  дереккөздеріне сүйенсек, Ресей Федерациясына қарсы келесі санкциялар пакетінің ықтимал бір бөлігіне «кеңес беру қызметтеріне мен бұлтты технологиялар базасы бойынша қызметтерге, сондай-ақ жылжымайтын мүлік сатып алуға шектеулер қою» жатады. Айта кетсек, сәуір айының басында ЕО бесінші санкциялар пакетін бекітті. Ол бойынша ресейлік кемелерге Еуропалық одақ елдері порттарына тоқтауға тыйым салынды. Ресей Федерациясынан жеткізілетін көмірге эмбарго енгізілді, көлік компанияларының жұмысы шектелді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясына реактивті отын, кванттық компьютерлер, жартылай ток өткізгіштер материалдары әкелінбейтін болды.

Серіктес жаңалықтары