50404
Түркістан облысында каналға құлаған 2 жастағы бала құтқарылды
Түркістан облысында каналға құлаған 2 жастағы бала құтқарылды
Түркістан облысында құтқарушылар суару каналына құлап кеткен екі жастағы баланы аман алып қалды деп жазды turkystan.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жарияланды.
«2022 жылғы 30 сәуірде 19.47-де Кентау қаласы, Хантағы ауылы, Төреқұлов көшесінде 500мм суару құбырына кәмелеттік жасқа толмаған баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала құбырға құлап, 15 м қашықтықта тұрып қалғаны анықталды», – делінген жазбада.ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқару операциясынаТүркістан облысы ТЖД-ның 3 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram