Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымды қызметке тағайындалды

Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымды қызметке тағайындалды

Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымды қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
50527
Қостанай облысы әкімінің экс-орынбасары Бақыт Есімова жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бақыт Есімова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды» деп жазылған хабарламада.
Бақыт Есімова 1984 жылы 29 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін және Калифорния университетін (АҚШ) бітірген. Айта кетсек, ол бұған дейін де ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет еткен.

Серіктес жаңалықтары