50334
«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің жалақысын көбейтпек
«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің жалақысын көбейтпек
«Самұрық-Қазына» АҚ-да халықтың табысын арттыру мәселелері талқыланды деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгін Қорда «Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиын барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Самұрық-Қазына» қоры ұлттық экономиканың жүйе қалыптастыратын құрылымы бола отырып, осы бағдарламаны әзірлеуге тікелей қатысқанын тілге тиек етті.
Онда қазақстандықтардың еңбек қызметінен түсетін табысына тікелей әсер ететін шаралар көзделген.
Бірінші кезекте, жаңа жұмыс орындарын құрудың және кәсіпорындардың өндірістік персоналының, бюджет саласының, квазимемлекеттік сектордың 1 млн-нан астам қызметкерінің жалақысын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Қор басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қор бағдарлама аясында мемлекеттен қолдау алатын кәсіпорындарға нақты міндеттемелер белгілеу кезінде 2,8 млн қызметкердің жалақысын арттыруды жоспарлап отыр.
Бағдарлама, ең алдымен, халықтың табысын арттыруға және жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етуге, экономиканы әртараптандыруға, ҰӘҚ-пен тауарлар мен қызметтер өндіруге арналған оффтейк-келісімшарттар жасасу есебінен шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған.
Тағы оқи отырыңыз: ҚТЖ теміржолшылардың жалақысына Үкіметтен 90 млрд теңге сұрамақ па?