«Айлығы 50 мың теңге»: Маңғыстау облысында кедейлер көп

«Айлығы 50 мың теңге»: Маңғыстау облысында кедейлер көп

«Айлығы 50 мың теңге»: Маңғыстау облысында кедейлер көп
ашық дереккөзі
50443
Маңғыстау десе алдымен Жаңаөзен ойға келеді. Қара алтын өндіретін компаниялар, сервистік мекеме көп болғасын мұнайшылар қаласы деп те аталып жүр деп хабарлады turkystan.kz 24kz-ке сілтеме жасап. Осыған қарамастан, жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті. Тізімде тұрған 150 адам жуырда коммуналдық мекемеге жұмысқа тұрды. Сұраныс болған жағдайда жергілікті кәсіпорынға жолдама беріледі. Оспан Қуатов 5 жыл қоғамдық жұмыстарды атқарғанын айтады. Бүгінге дейін алған айлығы 50 мың теңгеден аспаған.
«Мен 2017-ден бері осы тізімге тұрдым кезекке, тұрақты жұмысқа кірейін деп. Соңғы рет ардагерлер үйінде жасадым. Айлығы аз болса да жасап жүрдім. Кезегім келіп қуанып, бүгін жолдама алдым», – деді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Оспан Қуатов. «Мысалы, бізге өзенмұнайгаздан қанша сұраныс түседі. 100 адам ба, 50 адам ба?! Соның орнына біз 50 адамды жібереміз. 50 адамды жұмыссыздық орталығынан қабылдап аламыз. Жүйесі – сол», – деді  коммуналдық кәсіпорын директорының орынбасары Әлібек Бұхарбаев.
Жаңаөзендегі 150 мыңнан астам халықтың 4 мыңдайы жұмыссыз. Ал  Ақтауда 5 мыңға жуық адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Бір мәселе, олар ұсынылған жұмысқа баруға құлықсыз. Барлығы да мұнай саласына кіріп, мол жалақы алуды қалайды.
«4700-дей жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту орталығына тіркелген. 65-ке таман бос жұмыс орындарымыз бар. Көп азаматтар мұнай саласынан жұмыс талап етіп жатады. Алайда бізде мұнай саласында жұмыстар болмауына байланысты өзіміздегі бар жұмыстарды ұсынамыз, – деді  Ақтау қалалық Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нұрсұлтан Шеркешбаев.
Тағы оқи отырыңыз: Маңғыстауда темір жол рельстерін құм басып жатыр (ВИДЕО)

Серіктес жаңалықтары