50376
АҚШ-та әйелдер түсік жасауға тыйым салатын заңға қарсы шықты
АҚШ-та әйелдер түсік жасауға тыйым салатын заңға қарсы шықты
АҚШ-та жасанды түсік жасатуға тыйым салуды көздейтін заң жобасына қарсы жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz 24kz сайтына сілтеме жасап.
Бүкіл елде мыңдаған адам көшеге шықты. Бәрі жоғарғы соттың абортқа қарсы заңды күшейту жоспарына қарсы.
Қыз-келіншектер қолдарына плакат ұстап, «менің тәнім, менің таңдауым», «Әйелдерге қарсы соғысты тоқтатыңдар» деп ұрандатты.
«Өз тәнім – өзім білем. Жоғарғы соттың денемізді қалай пайдалануды көрсететін әрекеттеріне жол бермеймін! Өз болашағым мен тағдырыма қол сұғуларына қарсымын!» – деді Нью-Йорк штатының бас прокуроры Летиция Джеймс.Абортқа тыйым салуға қарсы шерулер Американың ірі қалаларының барлығында дерлік өтіп жатыр. Кей өңірлерде жағдайдың күрделене түсуіне байланысты тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Лос-Анджелес полициясы қала бойынша тактикалық дабыл жариялады. Өйткені шеру кезінде демонстранттар полицейлерге тас пен бөтелке лақтыра бастаған. Салдарынан бір офицер жарақат алған.