Шымкентте екі оқушыны көлік қағып кетті

Шымкентте екі оқушыны көлік қағып кетті

Шымкентте екі оқушыны көлік қағып кетті
ашық дереккөзі
50256
Шымкентте екі қызды көлік қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға болғанда екі қыз тротуарда тұрған. Hyundai жүргізушісі тротуарға шығып кетіп, екі оқушы қызды қаққан. Қазір екеуі де ауруханаға жеткізілген. Көлікті тізгініндегі әйел басқа көлікпен соқтығыспауға тырысып, тротуарға шығып кеткені анықталды. Сол кезде қиылыста екі оқушы бағдаршамның жасыл сигналын күтіп тұрған. Оқиға 5 мамыр таңертең әл-Фараби көшесіндегі алтыншы емхананың алдында болған. Қазіргі таңда жүргізуші әйелге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылған. Екі көлік те айыппұл тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары