Қырғызстанда сайлаушыларға дауыс үшін ақша ұсынылған

Қырғызстанда сайлаушыларға дауыс үшін ақша ұсынылған

Қырғызстанда сайлаушыларға дауыс үшін ақша ұсынылған
ашық дереккөзі
286

Бішкектің тәртіп сақшылары  сайлаушылар дауысын сатып алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» хабарлады. 

Қырғыз құқық қорғау органдарының деректеріне сәйкес, кей саяси партиялар сайлаушылардың дауысын алу үшін ақша,  азық-түлік өнімдерін ұсынған. «Мұндай екі факті анықталды. Сонымен астаналық ІІБ-ға бөгде жігіт оған сайлаудағы дауысы үшін мың сом ұсынғанын айтып шағымданған. Сәл кейінірек жергілікті тұрғын саяси партиялардың бірінен сенімді тұлға дауысты сатып алу фактісі жайлы хабарлаған. Шағымда саяси партия өкілі берген ақшаға сол партияның пайдасына дауыс беруін сұраған. Видео түсірілім бар, - делінген хабарламада. Материал қылмысты есепке алу кітабына тіркелді. Қазір екі факті бойынша жедел іздеу шаралары жүргізілуде.

 

Серіктес жаңалықтары