Елімізде 3 театрға академия мәртебесі берілді

Елімізде 3 театрға академия мәртебесі берілді

Елімізде 3 театрға академия мәртебесі берілді
ашық дереккөзі
304

Бүгін Астана қаласында өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестиваль барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кәріс, неміс және ұйғыр театрларына академия мәртебесін берді.

«Бүгін мен 3 ұлттық: кәріс, неміс және ұйғыр театрларына академия мәртебесін беремін. Бұл елімізде театр өнерінің жаңа деңгейге шығуға септігін тигізеді деген үміттемін. Аталмыш театрлар ұжымын құттықтаймын. Сіздерге зор шығармашылық табыс тілеймін», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қазақ елінде газеттер мен журналдар 15 тілде басылатындығын атап өтті.

«Біздің газеттер мен журналдар 15 тілде басылып шығады. Ал театрлар 7 тілде сөйлейді. Бұл – шындық. Мұндайды басқа елдерде кездестіре алмайсыз», – деді Елбасы.

Айта кетейік, «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестивальға 10 мыңнан астам адам қатысты.Фестивальде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» және «Қайырымдылық керуені» атты жалпы республикалық жобалардың қорытындысы шығарылды.

 

Серіктес жаңалықтары