207
Желіде бостандыққа шыққан Әблязовтың суреті жарияланды
Желіде бостандыққа шыққан Әблязовтың суреті жарияланды
"БТА банктің" бұрынғы басшысы, оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязов бостандыққа шықты. Оның жары Алма Шалабаева өзінің Facebook-тегі парақшасына түрмеден босаған күйеуінің суретін жүктеді.
Еске сала кетейік, Францияның мемлекеттік кеңесі 9 желтоқсанда бұрынғы қазақстандық банкир, оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялау туралы үкімнің күшін жойды. Кейін, Мұхтар Әблязовтің туыстары мен таныстары әлеуметтік желілерде оның Францияда босап шыққанын хабарлады. Айта кетейік, қазақстандық "БТА банктің" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов 2013 жылдың жазынан бері Францияның оңтүстігінде Украина мен Ресейдің қаржылық алаяқтық туралы айыптауы негізінде қамауда отырды. Ресей мен Украина Франциядан оны қайтаруды сұраған. Қазақстан билігі Әблязовті "банктің 6 миллиард қаржысын жымқырды" деп айыптап, іздеу жариялаған.