50394
Сауранда 50 жыл бұрын жазылған аманат хат ашылды
Сауранда 50 жыл бұрын жазылған аманат хат ашылды
Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылында 1971 жылы ұрпаққа аманат етіп жазылған өсиет хат ашылды. Хатты ашу рәсім салтанатты түрде өтті. Тұрғындар тарихи сәттің куәсі болды деп хабарлады turkystan.kz.
50 жыл бұрын жерге көмілген бабалар өсиеті оқылды. Хатта Жүйнектен шыққан 149 соғысқа қатысушылардың тізімі жазылған. Сонымен қатар, онда соғыстан кейінгі халықтың тұрмысы, қалай күнелткені жайлы баяндалған. Хатта соғысқа қатысқан азаматтардың ерліктері, батыл қадамдары суреттелген. Хат келер ұрпаққа өсиет ретінде жазылған.
Бабалардың өсиет хатын 1971 жылы С.Азимова жазып, арнайы капсуламен жерге қойып, сақтаған. Сол кезде 10-сынып оқушысы болған С. Азимова қазіргі кезде ақ жаулықты ана. 4 перзентін өсіріп, олардан 16 немере сүйіп отырған әже.