Өскеменде 50 мыңға жуық бөтелке алкоголь өнімі заңсыз сақталған

Өскеменде 50 мыңға жуық бөтелке алкоголь өнімі заңсыз сақталған

Өскеменде 50 мыңға жуық бөтелке алкоголь өнімі заңсыз сақталған
ашық дереккөзі
50359
Өскемен қаласының көтерме қоймаларының бірінде 49000 бөтелкеден астам мөлшерде өндірушілері мен атаулары әр түрлі алкоголь өнімдерін заңсыз сақталған деп хабарлады turkystan.kz ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. Алынған алкоголь сынамалары сараптамаға жіберілді. Тексеру материалдары ШҚО Экономикалық тергеу департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін тапсырылды. Қысқа уақыт ішінде бұл Өскемен қаласында алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының екінші жағдайы. Сәуір айында тексеру барысында тек сақтау фактісі ғана емес, сонымен қатар алкоголь өнімдерін заңсыз түрде дайындау фактісі анықталған. Алкоголь өнімдері нарығы субъектілерін тексеру іс-шаралары әлі де жалғасады. Еске салсақ, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңға сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімін одан әрі көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу мақсатында сақтау лицензия негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары