50403
Ұлыбритания Украинаға арнайы көмек пакетін бөлмек
Ұлыбритания Украинаға арнайы көмек пакетін бөлмек
Ұлыбританияның Қаржы министрі Риши Сунак Украинаға берілетін көмек жайлы айтты. Министрдің мәлімдеуінше, Ұлыбритания Украинаға 1,3 миллиард фунт (1,6 миллиард доллар) мөлшерінде қосымша қаржылай көмек пакетін бөледі деп хабарлады turkystan.kz.
«Украина халқын қолдай береміз және бұл 1,3 миллиард фунт стерлинг оларға қажетті әскери және жедел көмек көрсетуді жалғастыратынымызға кепілдік», – деді министр.Шетелдік БАҚ мәліметінше, қаражат Ұлыбританияның қор ретінде жинаған қаражаты есебінен бөлінеді. Бұл көмек пакетіне Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мәлімдеген 300 миллион фунт әскери көмек те кіреді. Джонсон өндірісті ұлғайту мәселесін талқылау үшін қару-жарақ компаниясы өкілдерімен кездеседі. Тағы оқи отырыңыз: «72-ші күн. Соғыстың бітер уақыты көрінбейді» – Зеленский