100 жастағы бразилиялық бір компанияда 84 жыл жұмыс істеп рекорд орнатты

100 жастағы бразилиялық бір компанияда 84 жыл жұмыс істеп рекорд орнатты

100 жастағы бразилиялық бір компанияда 84 жыл жұмыс істеп рекорд орнатты
ашық дереккөзі
580

100 жастағы бразилиялық бір компанияда 84 жыл жұмыс істеп рекорд орнатты. Бұл туралы Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайтында хабарланды.

2022 жылғы 6 қаңтардағы расталған мәлімет бойынша Вальтер Ортман бір компанияда 84 жыл 9 күн жұмыс істеген.  width= 1938 жылғы 17 қаңтарда 15 жастағы Уолтер Ортман Бразилияның Санта-Катарина қаласындағы Industrias Renaux S. A. (қазір ReneauxView деп аталады) тоқыма компаниясында  жұмыс істей бастаған.
"Сол 1938 жылдары балалар отбасын асырауға көмектесу үшін жұмыс істейтін. Бес баланың үлкені ретінде анам мені 14 жасымда жұмыс істеуге алып барды", - дейді Вальтер Ортман.
Көп ұзамай ол сату бөліміндегі лауазымды қызметке көтерілген. Содан кейін табысты сату менеджеріне айналған.  width= 84 жыл ішінде ол компания, ел және әлем қалай өзгергенін өз көзімен көрген. Уолтер Гиннестің рекордтар кітабына енуді үлкен құрмет пен мәртебе санайды. Ол бұған жетемін деп ешқашан ойламағанын айтады.

Серіктес жаңалықтары