БҚО-да қасқыр шауып, 4 адам зардап шекті

БҚО-да қасқыр шауып, 4 адам зардап шекті

БҚО-да қасқыр шауып, 4 адам зардап шекті
ашық дереккөзі
50280
Батыс Қазақстан облысында ауылға қасқыр шауып, төрт адам зардап шекті. Оқиға 7 мамыр күні Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты аудан орталығынан 15 шақырым жерде орналасқан Шоқтыбай елді мекенінде болды, – деп хабарлады ҚазАқпарат. Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында Whatsapp тобында тұрғындар бір-біріне ауылда қасқыр жүргенін хабарлап, сақ болу керектігін ескертеді. Түз тағысының бірнеше тұрғынға шабуыл жасағаны анықталғаннан кейін ер азаматтар жиналып, іздестіріп, қасқырдың көзін жойған. Жыртқыштың басы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық ветеринарлық станция қызметкерлеріне тапсырылды. Жарақат алып, қасқырдың тісі тиген екі ер, бір әйел адам және бір бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Жалпы, аталған елді мекен тұрғындары биыл бұдан бұрын да бірнеше рет 5-7 қасқыр көргенін айтып, тиісті шара қабылдауды сұраған. Бұл туралы 8 мамыр күні сол Шоқтыбай ауылында өткен жиында белгілі болды.
«Толық екпе салынған үш адам амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді. Қолы жарақаттанған жасы 50-лердегі әйел ауруханада жатыр. Зерттеу қорытындысына сәйкес, олардың бәрі де емдеу курсынан өтеді. Оған қоса, қасқырмен байланыста болған тағы 6 адамға екпе салынды» , – деді аудандық аурухананың бас дәрігері Қылыш Жазықбаев.
     

Серіктес жаңалықтары