Үндістанда штат басшысының өліміне қатты қайғырған 470 адам көз жұмды

Үндістанда штат басшысының өліміне қатты қайғырған 470 адам көз жұмды

Үндістанда штат басшысының өліміне қатты қайғырған  470 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
187

Үндістанда Тамилнад штатының басшысы Джаярама Джаялалиттің өліміне қатты қайғырған 470 адам көз жұмды. Бұл туралы «Бүкілүнділік дравид прогресі федерациясының» твиттерде жариялаған хабарламасына сілтеме жасаған Lenta.ru хабарлады.

«Революция көсемінің өлімін көтере алмаған 470 адам қайтыс болды. Жақынынан айрылған әр отбасына 300 мың рупий (шашамен 1,5 млн теңге) бөлінеді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ , «Бүкілүнділік дравид прогресі федерациясы»  өзін-өзі өртеп жібермек болған партия функционері мен өзінің саусағын кесіп тастаған тағы бір азаматқа 50 мың рупий төленетінін мәлімдеді.

Джаярам Джаялалита ұзақ уақыт бойы Тамилнад штатының бас министрі қызметін атқарған. Үндістан парламентінің жоғары палатасының мүшесі, «Бүкілүнділік дравид прогресі федерациясы»  көшбасшыларының бірі болды. Өз еңбек жолын актриса ретінде бастаған әйел кейін елдің белді саясаткеріне айналған еді. Ол 5 желтоқсанда жүрек талмасынан қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары