50752
Қазақстанда жемқор шенеуніктердің жария тізімі пайда болуы мүмкін
Қазақстанда жемқор шенеуніктердің жария тізімі пайда болуы мүмкін
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бейінді заңнамаға өзгерістер енгізу жобасын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған», – делінген хабарламада.
Жоспарға сәйкес:
- адамдарды қосудың және одан шығарудың нақты тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу;
- мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтауды және ретке келтіруді регламенттеу;
- пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру;
- сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін ескіру мерзімін ұлғайту;
- арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілігін белгілеу;
- ӘҚБтК-нің кейбір баптарын әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жатқызу;
- ӘҚБтК-ге Халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу мақсатында түзетулер енгізу бастамалары қосылды.