Жұмысшылар жылына бір рет тегін саяхаттайтын болды

Жұмысшылар жылына бір рет тегін саяхаттайтын болды

Жұмысшылар жылына бір рет тегін саяхаттайтын болды
ашық дереккөзі
50397
Өзбекстанда жұмыс берушілер 1 маусымнан бастап «Ўзбекистон бўйлаб саёҳат қил!» бағдарламасы аясында жылына бір рет жұмысшыларына ел ішінде саяхат жасауға мүмкіндік беруі тиіс деп хабарлады turkystan.kz centralasian.org сайтына сілтеме жасап. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 2 мамырдағы жарлығына сәйкес, шығынның бір бөлігін жұмыс берушілер төлеуі тиіс. Бұдан бөлек, 1 қыркүйектен бастап Өзбекстанда ішкі туристер үшін кешбэк енгізіледі. Ел ішінде саяхат жасаған өзбекстандықтардың жолақысының 15%-ы, қонақ үйақысының 20%-ы және театр, музей, цирк, көрме билеттерінің 50%-ы қайтарылады. Бұл қаражат туризм министрлігі жанынан құрылған қор есебінен төленеді. Биыл бұл қорға 30 млрд сум (2 млн 700 мың доллар) бөлінген. Осылайша өзбек үкіметі ішкі туризмді дамытып, жергілікті бюджетке түсетін табыс көлемін арттырмақ. Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда орташа жалақы – 270 АҚШ доллары.
«Ташкенттен Ургенчке ұшу - 100 доллар. Қонақүйлердің бағасы қымбат. Тұрғындар қайда барып қыдырмақ? Жұмыс берушілерге мұндай шығынның не қажеті бар?» – дейді Мирза Анвар Абдулла есімді тұрғын.
Британдық ғалым Софи Ибботсон Орталық Азия елдерінің туристік мүмкіндігін зерттеген.
«Өзбекстанда 30 миллионнан астам адам тұрады. Орта класс өсіп жатыр. Бұны адамдардың көп саяхат жасай бастағанынан көруге болады. Өзбекстанда саяхат жасау - жеңіл әрі арзан. Мысалы, бір автобусқа не пойызға отырып, бір күнде ЮНЕСКО қорғауындағы бес бірдей мәдени мұражайды аралауға болады. Мұндай аралайтын мәдени орындар өте көп», – дейді ол.
Өзбекстанда, сонымен бірге, «отбасылық саяхат жасау үшін демалыс» жүйесі енгізілген. Бұл демалыс кемінде бес күнге созылады. Туризм министрлігінің мәліметінше, жыл сайын өзбекстандықтар шетелге саяхат жасап, 1,1 млрд доллар жұмсайды. Олардың көбі Түркия, Дубай және Ыстықкөлге барады екен. 2020 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымы Өзбекстанды туризм индустриясы дамыған 20 елдің қатарына енгізген.

Серіктес жаңалықтары