Метроның жаңа бекеттері 18 сәуірде ашылады

Метроның жаңа бекеттері 18 сәуірде ашылады

Метроның жаңа бекеттері 18 сәуірде ашылады
ашық дереккөзі
401

Құрылысы аяқталған метроның "Сайран" және "Мәскеу" бекеттері 18 сәуірде іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильинға сілтеме жасай отырып ҚазТАГ хабарлады. Кеше қоғамдық көлікті реттеу және басқару жөніндегі халықаралық конференцияда Ю.Ильин: «Биыл сәуірдің дәл 18 жұлдызында екі жаңа метрополитен бекеті пайланауға беріледі. Бүгінгі таңда метро жолаушыларына 7 бекет қызмет етіп отыр. Алдағы уақытта метрополитен құрылысын жалғастыратын боламыз», – деді. Оның айтуынша, орташа есеппен метродағы жолаушылар ағыны 24 мың адамды құрайды. Әкімнің орынбасары алдағы уақытта бұл көрсеткішті бірнеше есе ұлғайту көзделгенін атап өтті. Өйткені метроны пайдаланушылар қатарының көбеюі жол кептелесінің азаюына, қала жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігінің артуына сеп болмақ.

Серіктес жаңалықтары