Әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

Әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

Әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды
ашық дереккөзі
50682
Ақтауда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз полиция бекетіне өзі келген деп хабарлады turkystan.kz. 17 мамырда сағат 7:15 шамасында 6656 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Бағлан Әділбеков Ақтау полиция бекінісіне өзі келген. «Қатардағы жауынгер Әділбеков Б.Б. ата-анасымен кездесті. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр» деп хабарлады «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің өкілдері. Ақтау Еске салсақ, бұған дейін 18 жастағы әскер қатарына шақырылған сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамыр күні кешкі сағат 22:55-те 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан шығып, жоғалып кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары