Балық бағасы 20 пайызға дейін қымбаттады

Балық бағасы 20 пайызға дейін қымбаттады

Балық бағасы 20 пайызға дейін қымбаттады
ашық дереккөзі
934

31 наурыз бен 7 сәуір аралығында елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады. Мәселен, балық өнімдерінің құны 20 пайызға өскен. Бұл туралы "Қазагромаркетинг" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. «Шымкентте мөңке 11 пайызға қымбаттап, әр келісінің бағасы 270-тен 300 теңгеге дейін жетті. Баға өсіміне көтерме сауда бағасының көтерілуі мен балық аулауға тыйым салынатын кезеңнің басталуы себеп болды. Сондай-ақ, сазан да 11 пайызға қымбаттады, оның келісі 450-ден 500 теңгеге көтерілді. Ал Өскеменде шортан 20 пайызға қымбаттады, баға 250-ден 300 теңгеге өзгерді. Баға өсіміне өнімді жеткізу көлемінің азаюы мен сатылымда тауардың азаюы себеп болып отыр», – делінген хабарламада. Сондай-ақ, Шымкентте қиярдың 13 пайызға қымбаттағаны белгілі болды. Бұрын әр келісі 353 теңгеден сатылған көкөніс қазір 400 теңгеден сатылуда. Мамандар баға өсімін өнімнің Өзбекстаннан әкеліну көлемінің азаюы және көтерме сауда бағаларының көтерілуімен байланыстырып отыр. Азық-түлік бағасының қымбаттауы Астана қаласында да байқалды. Мәселен, елордада мандариннің құны 14 пайызға көтерілген. Бұрын 400 теңгеге сатып алсаңыз, қазір 457 теңгеге аласыз. Бұған нарықта Пәкістаннан әкелінетін арзанырақ мандариннің болмауы себеп.

Серіктес жаңалықтары