Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті (ВИДЕО)

Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті (ВИДЕО)

Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
51069
Әлеуметтік желіде Талдықорған -Үшарал жолының қақ ортасынан бөлініп, екі жағында автокөліктер тұрған видеолар тарады деп хабарлады turkystan.kz. Кеше қатты жауған жаңбырдан кейін ағынды су жаңадан салынып жатқан Талдықорған - Үшарал жолын шайып кеткен.
«Жансүгіров пен Сарқанның ортасы. Жол жоқ өтетін. Қаншама көлік тұрмыз», - деді видео авторы. «22 мамыр күні сағат 16:45-те хабарлама түсті. Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар жолдың 395-шақырымындағы Еңбек ауылының тұсында қалың жауын-шашын суы көпірді шайып кеткен. Құбыр тәрізді көпірдің диаметрі - 3,5 м, тереңдігі - 3 метр. Матай-Лепсі ауылдары арқылы айналма жол бар», - делінген Ақсу ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары