«Бәрі суға кетті»: Ақтөбелік тұрғындар уәде етілген көмекті ала алмай жүр (ВИДЕО)

«Бәрі суға кетті»: Ақтөбелік тұрғындар уәде етілген көмекті ала алмай жүр (ВИДЕО)

«Бәрі суға кетті»: Ақтөбелік тұрғындар уәде етілген көмекті ала алмай жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50421
Ақтөбеде көктемгі тасқын кезінде үйлерін су басқан тұрғындар шенеуніктерге ашулы. Бала-шағамен далада қалдық деген олар әкімдік тарапынан көмек көрсетілмегенін айтты деп хабарлады turkystan.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Айтуларынша, шенеуніктер жатақханаға орналастырып, балаларына мектепке қатынау үшін арнайы автобус береміз деген. Ал өздеріне үйлерін жөндеуге ақша бөлеміз деп уәде етіпті. Алайда шенеуніктер үйіп-төккен уәделерін орындамақ түгілі, сол күйі төбе көрсетпепті.
 «Қай уақытқа дейін күтеміз? Екі ай болды қаңғып жүргенімізге. Үйіміз бар, бірақ бара алмаймыз. Қазақстан көктеп жатыр дейді. Қазақстан емес, біздің үй көктеп жатқан. Ешнәрсе шешілмеген. Екі ай жатақханада жаттық. Осы күнге дейін шыдаммен күттік», – деді тұрғын Ақбота Оразова.
«Су басқалы әкімді көрген адам емеспіз. Оразалинді мүлде көрген жоқпыз. Халықпен бір кездескен жоқ. Әкімнің халықпен шаруасы жоқ. Бәрі кетті суға. Біз техниканы айтып жатқан жоқпыз. Бізге құрылыс материалы керек. Бағасы шаш жеткізбей жатыр», – дейді тұрғын Жәмилә Айтқалиева.
«Шенеуніктердің үйіп-төккен уәдесін күтіп төзіміміз таусылды» деген тұрғындар әкімдікке бір емес, үш рет барды. Әкімдіктегілердің ақпаратынша, су тасқынынан кейін екі ауданда құрылған комиссия сәуірдің сегізінен бері шығынды жан-жақты есептеп жатыр. Суға кеткен 137 үйдің 99-ына ғана бағалау құжаты дайындалыпты. Ал тұрғындар комиссия шығынды әділ есептеп, тезірек қайтарып берсе деп тілейді.
«99 үйге қазір 116 миллион теңге бөлу туралы құжат дайындап болдық. 16 үйге осы аптаның аяғына дейін бітіреміз. Ал 22 үйдің құжаты жоқ. Осыған байланысты біз төлей алмаймыз. Қазір сол құжаттарын ретке келтірсе, қарастыратын боламыз», – деп мәлімдеді Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.

Серіктес жаңалықтары