50239
Алматы облысында көлік жер үйдің шатырына құлады
Алматы облысында көлік жер үйдің шатырына құлады
Алматы облысында BMW X5 көлігі жер үйге жапсарлас салынған нысанның шатырына құлаған деп хабарлады turkystan.kz.
Фото Instagram-дағы almaty_kris_p парақшасында жарияланды.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 24 мамырға қараған түні Іле ауданы, Боралдай ауылында орын алған.
«BMW X5 көлігін айдаған 29 жастағы жергілікті тұрғын рөлге ие бола алмай, жолдан ұшып кеткен. Сөйтіп жер үйге жапсарлас салынған нысанның шатырына құлаған. Газ құбыры аркасына зақым келіп, электр бағанасы құлады», - делінген хабарламада.Жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жатудан бас тартқан жүргізушіні қоспағанда, апаттан зардап шеккендер жоқ.
«Құқық бұзушы ҚР ҚК 610-бабы «Көлiк құралын, жолдарды, жол және өзге де құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi зақымдап, материалдық залал келтiруге әкеп соққан көлiк құралы жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді полиция өкілі.Келтірілген шығын есептелуде.