Қазақстандық ғалымдар маймыл шешегіне қарсы вакцина дайындамақшы

Қазақстандық ғалымдар маймыл шешегіне қарсы вакцина дайындамақшы

Қазақстандық ғалымдар маймыл шешегіне қарсы вакцина дайындамақшы
ашық дереккөзі
50985
Әлемде жаңа “маймыл шешегі” деп аталатын вирустың таралу қаупі тұр. Қазақстандық ғалымдар маймыл шешегіне қарсы отандық вакцина жасап шығуға жарты жылдай уақыт кететіндігін айтты деп хабарлады turkystan.kz 24.kz сілтеме жасап. Қазір әлемнің 14 елінде 200-ден астам адам осы вирусты жұқтырған. Бұл қауіпті вирус Қазақстанға келуі де мүмкін дейді мамандар.
«Иә, маймыл шешегінің Қазақстанға келу қаупі жоғары. Өйткені, біздің туристер Сауд Арабиясына, Түркияға немесе Африка мен өзге де елдерге жиі барады. Сондықтан жаман айтпай жақсы жоқ. Қауіпті вирус келе қалған жағдайда біз тастүйін дайын болуымыз керек», - дейді биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі Лесбек Құтымбетов.
Қазақ биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының мамандары коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны ойлап тапқан. Қазақстандық ғалымдар енді маймыл шешегі мәселесін ертерек қолға алуды көздеп отыр. Өйткені, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, маймыл шешек вирусы мутацияға ұшырап, адамнан адамға жұғу қабілетіне ие болған.
 «Біздің институт шешек вирустарымен көп жылдардан бері айналысады. Сондықтан тәжірибе жеткілікті. Мәселен, сиыр шешек және маймыл шешек бір топ десек, олардың арасында иммундық антиген байланысы бар. Сондықтан бір вирус басқа вирусқа қарсы иммунитетті оңай жасай алады. Мысалы, сиыр вирусының шешек ауруына қарсы иммунитетті құрудағы белсенділігі өте жоғары», - деп атап өтті ғалым.
Мамандар маймыл шешегіне қарсы вакцинаны 6 айдың ішінде жасап шыға алатындығын айтты.
«Егер сиыр вирусына негізделген вакцина болса, онда жеделдетілген түрде, ковид-19 кезіндегідей жұмыс істесек,  6 айда вакцинаны дайындап шығуға болады. Одан кейін клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар бар. Яғни Денсаулық сақтау министрлігіне де байланысты болады. Мәселе олардың бізге қаншалықты қолдау көрсетуінде», - дейді ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі.

Серіктес жаңалықтары