Елімізде қандай қылмыс жиі жасалады?

Елімізде қандай қылмыс жиі жасалады?

Елімізде қандай қылмыс жиі жасалады?
ашық дереккөзі
51668
Биыл қаңтар-сәуір айларында елімізде 20 мыңға жуық адам қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,9%-ға аз деп хабарлады turkystan.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қылмыскерлер арасында 3,8 мың адам – қылмыстық құқықбұзушылық, 7,2 мың адам – орташа ауыр қылмыс, 5,4 мың адам – ауыр қылмыс, 3,1 мың адам – ұсақ қылмыс, 459 адам аса ауыр қылмыстар жасаған», - дейді статистика мәліметтері.
Айта кетсек, 2020 жылдың осы кезеңінде 20,4 мың адам қылмыстық құқықбұзушылықпен ұсталған. Бұл осы тәріздес қылмыстардың бір жылда 25,6% азайғанын көрсетеді.
«Қылмыс жасағандардың басым бөлігі Алматы облысында тіркелген: 2,4 мың адам – бұл бір жыл бұрынғыдан 0,5%-ға аз көрсеткіш. Антилидер үштігінің қатарына, сондай-ақ Алматы (2,3 мың адам, 5,8% аз) мен Нұр-Сұлтан (1,7 мың адам, 8,5% көп) қалалары енді», - делінген хабарламада.
Қылмыскерлердің ең азы Қызылорда облысында – 436 адам тіркелген, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 466 адамға аз көрсеткіш. Қылмыскерлер саны бір жыл бұрынғыға қарағанда Солтүстік Қазақстан облысында (10,9%-ға, яғни 801 адамға көп) көбейген. Ал Жамбыл облысында (15,2%-ға, 832 адамға аз) біршама азайғаны байқалады. Елімізде 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында көбінесе меншікке қарсы қылмыстар жасалған. Дегенмен бір жыл бұрынғыға қарағанда мұндай қылмыстар саны 3,2%-ға аз тіркелген. Бұл сегментте көбінесе ұрлық, алаяқтық, ұсақ ұрлық, тонау, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп кету немесе жұмсап тастау, автокөлікті немесе басқа көлік құралын рұқсатсыз пайдалану деректері тіркелген.  

Серіктес жаңалықтары