Талдықорғанда ғалымдар грыжаны емдеу құрылғысын ойлап тапты

Талдықорғанда ғалымдар грыжаны емдеу құрылғысын ойлап тапты

Талдықорғанда ғалымдар грыжаны емдеу құрылғысын ойлап тапты
ашық дереккөзі
50434
Талдықорған қаласындағы Жетісу университетінің «Геофизикалық ортаның биофизикалық мониторинг ісі» ғылыми зертханасының бір топ ғалымдары 2017-2022 жылдардағы зерттеу нәтижесінде ел арасында көп тараған аурулардың бірі «Омыртқа аралық жарықты (грыжа) емдеуге арналған құрылғы» құрастырып шықты деп хабарлады turkystan.kz. Жақында «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» сараптауы бойынша, бұл құралдың дүние жүзінде баламасы жоқ және бұрын-соңды ғылымда кездеспегені нақтыланды.
«Осыған орай, жетісулық ғалымдардың жаңалығына тың өнертабыс ретінде №7111 арнайы патент берілді. Ендігі мақсат -  лицензиялау және коммерциялизациялау ісін бастау», –  дейді жаңалық авторлары.
Зерттеу барысында: Алматы қаласы Наурызбаев атындағы «Жану» және «Тамақтану» зерттеу институтындағы арнайы зертханаларда, жергілікті өсімдіктің қырық түрі сараптамадан өтіп, химиялық, биологиялық құрамы анықталып, биофизикалық қасиеттері нақтыланған. Сонымен қатар, жергілікті өсімдіктер мен геофизикалық материалдарды грыжаны емдеуге қолдануға болатындығы дәлелденіп, арнайы құрылғы құрастырылған. Бұл күнде құрылығының экономикалық ұтымдылығы дәлелденіп отыр.  width= Нәтижесінде, аталған құрылғыны ойлап тапқан, «ГФБМ» ғылыми зертхана меңгерушісі, п.ғ.к., биолог; Күлдархан Әлдибекова, Химия ғылымдарының докторы, Гүлнархан Құрманғажы, Экономика ғылымдарының кандидаты, Эльмира Қыдырбаева, География ғылымдарының кандидаты, профессор, Нұржан Керімбай, магистр, оқытушы, Сәуле Дюсембиновалар патент иегерлері және авторлары деп танылды.

Серіктес жаңалықтары