Елордада супермаркеттен шоколад ұрлаған ер адам ұсталды

Елордада супермаркеттен шоколад ұрлаған ер адам ұсталды

Елордада супермаркеттен шоколад ұрлаған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
50222
Елордадағы супермаркеттердің бірінде шоколад ұрлағаны үшін ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде 47 жастағы күдіктіні қолға түсірген.
«Тергеп-тексеру барысында ер адам Merci шоколадының 20 данасын тонағаны анықталды. Дүкенге келтірілген шығын құны 33 мың теңгені құрап отыр», - делінген хабарламада.
Ер адам дүкеннен керегін алған соң төлем жасамай, касса арқылы өтіп, супермаркеттен сыртқа шығып кеткен. Қазіргі сәтте сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындап отыр және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары