50966
50-ге жуық мәдениет қызметкері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды
50-ге жуық мәдениет қызметкері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды
Бүгін Алматы қаласында «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты Қазақстанның І мәдениет форумы өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Еліміздің барлық өңірінен келген сала өкілдерінің, зиялы қауымның басын қосқан іс-шара мәдениет пен өнер төңірегіндегі көптеген түйткілді мәселені ортаға салды.
«Өзекті тақырыптарды батыл көтеріп, болашақ рухани бағыт-бағдарымызды ашық талқылаған спикерлерге ерекше алғыс айтамын. Форум аясында Президентіміздің Жарлығымен бекітілген 50-ге жуық әріптесімізге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын салтанатты түрде табыстадық. Аталған марапат салаға бар саналы ғұмырларын арнаған нағыз мәдениет майталмандарына берілді», – деп жазды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасына.