50502
Павлодар облысында бірнеше адам белгісіз заттан уланып көз жұмды
Павлодар облысында бірнеше адам белгісіз заттан уланып көз жұмды
Павлодар облысында 7 адам белгісіз заттан уланып, 5 адам қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Барлығы 7 адам зардап шекті. Оның 3-еуі үйінде қайтыс болды. Қалған 4 адам Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның ішінде 1 пациент аурухананың қабылдау бөлімінде, тағы бір зардап шегуші реанимацияда жан тапсырды. Қазіргі уақытта 1 пациенттің жағдайы ауыр және 1 азамат қалалық №3 ауруханаға ауыстырылды. Ауруханадағы пациенттерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген хабарламада.Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көз жұмған адамдардың денелерінде сыртқы зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
«27 мамыр күні сағат 22.17-де Ертіс ауылында үй иесі - 1955 жылғы ер адам мен 1990 жылы туған ұлының денелері табылды. Сондай-ақ, 28 мамыр күні сағат 07.15-те аудандық ауруханада 1975 жылғы және сағат 18.00 шамасында 1969 жылғы ауыл тұрғындарының денелері анықталды. Сағат 07.24-те үйден 1957 жылғы зейнеткердің денесі табылды», - деді басқармада.Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау барысында қаза тапқандардың барлығы бір сыйымдылықта сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты тұтынғанын анықтады.