Жамбылдық шенеунік 18 жыл бұрынғы қылмысы үшін 9 жылға сотталды
Жамбылдық шенеунік 18 жыл бұрынғы қылмысы үшін 9 жылға сотталды
Жиырма жылға жуық мемлекет мүлкін туыстарына тегін таратып келген жамбылдық шенеунік 9 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының бұрынғы директоры жалпы құны 300 млн теңге болатын 4 ғимарат пен 1 жер учаскесін заңсыз саудалаған.
Прокурорлар экс-шендінің қылмысын 18 жылдан кейін ғана анықтаған. Шенеунік бұл әрекеті үшін тоғыз жылға түрмеге қамалды.
«Биыл 6 мамыр Тараз қаласындағы №2 cотымен Бақтыбаевтың қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша кінәсі дәлелденіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар прокурорлардың талап-арыздары негізінде атаулы объектілер сот шешімімен мемлекетке қайтарылды», – дейді Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі Сержан Әбдіқұлов.