Жолсеріктер пойызда толғағы қысқан әйелді босандырып алды

Жолсеріктер пойызда толғағы қысқан әйелді босандырып алды

Жолсеріктер пойызда толғағы қысқан әйелді босандырып алды
ашық дереккөзі
50263
«Астрахань-Атырау» пойызының жолсеріктері толғағы басталған жолаушыны босандырып алды деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жағдай «Аққыстау-Атырау»  аралығында «Астрахань-Атырау» қатынасындағы №626 жолаушылар пойызында болған. Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкинодан Атырауға бесінші вагонмен келе жатқан. Құрам Ганюшкино станциясынан жөнелтілгеннен кейін Кенжегүлде таңғы сағат 5-те толғақ басталды. Құрам бастығы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасының қызметкерлері нұсқаулыққа сәйкес машинистке хабарлап, жедел медициналық жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақыртты. Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жолсеріктер сағат 05:30-да вагонда қыз босанған жас анаға қажетті көмек көрсетті. Сәуле Ілиясованың айтуынша, жолаушылар тасымалында жұмыс істеген 15 жыл ішінде ол осындай жағдайға алғаш рет тап болған.
«Компаниямызда стандартты емес жағдайларда әрекет етуге үйретеді және біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз», - деді Сәуле Ілиясова.
Атырау станциясына келгеннен кейін жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алды.  

Серіктес жаңалықтары