Жүрекке пайдалы өнімдер аталды

Жүрекке пайдалы өнімдер аталды

Жүрекке пайдалы өнімдер аталды
ашық дереккөзі
50645
Кардиолог Герман Гандельман жүректің жұмысына пайдалы қарапайым әрі қолжетімді өнімдерді атады деп хабарлады turkystan.kz Gazeta басылымына сілтеме жасап. Дәрігердің айтуынша, жүрекке ақжелкен өте пайдалы. Оның құрамында жүректің дұрыс жұмыс істеуіне қажет калий бар. Күніне бір ақжелкенді қолдану арқылы үш ас қасық калийдің орнын басуға болады. Сондай-ақ кардиологтың сөзінше, диетаға чили бұрышын қосқан жөн.
«Чили бұрышын қолданатын адамдарда тамыр жақсы кеңейеді. Тар тамырлар нәзік болады, бұл қан кету қаупін тудырады, күніне бес грамм ащы бұрыш жеу керек», - деді Герман Гандельман.
Дәрігердің айтуынша, скумбрия да жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартуға қабілетті. Бұл майлы теңіз балығы денені атеросклероздың дамуынан қорғайтын полиқанықпаған май қышқылдарына бай.

Серіктес жаңалықтары