ЖОО-ға түсуге қосымша 15 мың білім гранты бөлінді

ЖОО-ға түсуге қосымша 15 мың білім гранты бөлінді

ЖОО-ға түсуге қосымша 15 мың білім гранты бөлінді
ашық дереккөзі
50460
Биыл мемлекеттік білім гранты 15 мыңға артты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты деп хабарлады turkystan.kz
«Жоғары оқу орнына баратын балаларға гранттардың саны 88 214-ке артты. Былтырғы жылмен салыстырғанда грант саны 15 мыңға көп. Техникалық мамандықтарға гранттар - 60, ауылдық квота 35% ұлғайтылды. Әлеуметтік аз қамтылған санаттарға 7 мыңнан аса грант бөлінді», - деді вице-министр.
Вице-министрдің айтуынша, биыл колледждерге түсетін балаларға техникалық және кәсіптік білім беруге 45 мың орынға республикалық бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді. Сөйтіп мемлекеттік тапсырыс 40 пайызға ұлғайтылды.
«Оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары алынып тасталды. Енді олар аттестаттың орташа балы арқылы қабылданады. Талапкер 4 колледж бен 4 мамандықты өзі таңдайды, 3-ке дейін бірнеше біліктілік алуға мүмкіндік жасалды. Кәсіпорындарға мақсатты мемлекеттік тапсырыс берілді. Енді кәсіпорындар студенттерді өздері таңдап, оқу бағдарламаларын оқу орнымен бірге жазып, қажетті мамандарды мерзімінде дайындай алады. Жеңілдікпен қабылдау квотасының тізбесі 9 санатқа дейін кеңейтілді», - деді Шолпан Каринова.

Серіктес жаңалықтары