50354
4 жасар баланың асқазанынан 1,5 келі шаш шықты
4 жасар баланың асқазанынан 1,5 келі шаш шықты
Бүлдіршіннің қызуы көтеріліп, іші ауырып, қайта-қайта лоқси бергендіктен оны ата-анасы ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер денсаулығы нашарлап бара жатқан баланы тексеріп, жедел ота жасаған деп хабарлады turkystan.kz
Ота барысында баланың асқазанынан ұзындығы 40 см, салмағы 1,5 келі болатын шаш шыққан. Ал 4 жасар бүлдіршінге асқазанның трихобезоары деген диагноз қойылған. Медицина мамандары балаға жасалған отаның сәтті өткенін айтады.
«Операциядан кейін бүлдіршіннің жағдайы жақсы. Оны хирургиялық бөлімге ауыстырдық,- деді балалар ауруханасының дәрігері.Дәрігерлердің айтуынша асқазанның трихобезоары негізінен балалардың жүйке жүйсіндегі ақаулардан туындайды. Мұндай диагнозы бар бүлдіршін өзінің шашын жұлып немесе жердегі қылды теріп жейді. Салдарынан асқазанына шаш толып, ас қорыта алмайтын хәлге түседі.