50294
Елімізде нан қымбаттауы мүмкін бе?- министр жауап берді
Елімізде нан қымбаттауы мүмкін бе?- министр жауап берді
Бүгін үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бидай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz
Ауыл шаруашылығы министрі бидайдың әлемдік бағасы өсіп келе жатқанын жоққа шығармады. Алайда, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" астық қорын жинап қойғанын атап өтті.
«Елде бидай қорын "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" қалыптастырды. Біз қазір нан бағасын ұстап қалу үшін өңірлерге арзандатылған астық нанды жеткізуді қамтамасыз етудеміз. Сол себепті баға тұрақты болады. Нан бағасының өсуіне негіз жоқ, болмайды да. Себебі ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін біздің мүмкіндігіміз жеткілікті», - деді Е.Қарашөкеев.
Министр Қазақстанда 15 маусымға дейін бидай мен ұнды шығаруға квота енгізілгенін еске салды.