Көпірден секірген шымкенттік әйел көз жұмды

Көпірден секірген шымкенттік әйел көз жұмды

Көпірден секірген шымкенттік әйел көз жұмды
ашық дереккөзі
527

Шымкентте өзін-өзі өлтірмек болған әйел көпірден секіріп, мерт болды деп хабарлайды TVK арнасы.

Бүгін Бадам өзені маңында қайғылы оқиға орын алды. «LTD Турмыс» ЖШС қызметкері түстен кейін өзен жағасында жүгіріп жүрген екі баланы байқайды. Олар өзенде ағып бара жатқан әйелдің денесін көрсетеді.
Бейтаныс жігіт өзенге батып бара жатқан әйелді құтқару үшін бірден суға секіріп, оны жағаға алып шығады.
Құтқарушының айтуынша, әйел судан шыққанда әлі тірі болғанын көріп, оған жасанды дем беруге тырысқан. Алайда ол әрекеті еш көмектеспегендіктен жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған.
Әлі расталмаған ақпараттарға сүйенсек, жасы отыздар шамасындағы әйел өзін-өзі өлтірмек болып көпірден секіріп кеткен. Оның үйі де сол маңға жақын орналасқан болса керек, біраз уақыттан соң туысқандары оқиға орнында болды.

Серіктес жаңалықтары