Сұлулық байқауының соңы "жұлдыздардың" текетіресіне ұласты

Сұлулық байқауының соңы "жұлдыздардың" текетіресіне ұласты

Сұлулық байқауының соңы "жұлдыздардың" текетіресіне ұласты
ашық дереккөзі
237

 "Қазақстан аруы-2016" байқауының соңы дауға ұласты. Байқауды жүргізген белгілі журналист Динара қыздарды кітап оқымағаны үшін жерден алып, жерге салған актер Әнуар Нұрпейісовті сөзбен түйреді, деп хабарлайды журналистің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасаған nur.kz. 

"Іс-шараңда айқау-шу болғанын қаласаң, Әнуар Нұрпейісовты шақырып, қолына микрофон бер. Ол айтарын айтып болған соң, қашып кетеді", - деп жазды Динара Сәтжан өзінің  Facebook желісіндегі парақшасында. Оның пікірінше, сұлулық байқауында ақыл-парасат емес, әдемілік бағалануы тиіс. "16-17 жасыңызда қандай болғандарыңыз есіңізде шығар? Тікелей эфирде, қысылып-қымтырылмай, әділ қазылардың сұрағына айқын әрі ойға қонымды жауап бере алар ма едіңіз? Әсіресе, бұл мазақ түрінде, кемсіту түріндегі сұрақ болса. Әнуар бұл жерде өзін кештің жұлдызы деп санаған болар. Олай болса, неге қашып кетті? Сонша батыл болсаң, неге соңына дейін отырмадың?", - деді ол. Сонымен бірге, ол Әнуардың сексуалдық қызығушылықтарына да шек келтірді. "Әнуар егер суперзияткер қыздарды іздесе, сұлулық байқауына емес, кітапханаға баруы тиіс еді. Байқау зияткерлік емес, сұлулық байқауы деп аталады ғой! Әйтпесе, біз оның сексуалдық қызығушылықтарына да күмән келтіре бастаймыз", - деп мәлімдеді ол. Динараның мәлімдемесіне Әнуар да үнсіз қала алмады. "Онда менің Динара мен ұйымдастырушыларға қояр бір сұрағым бар. Әділ қазылардың сұрағына жауап беруі тиіс кезең онда не үшін керек болды? Қыздар шықсын да, үн-түнсіз тұрсын. Видеоға қарасақ, сіз өз сөзіңізге өзіңіз қарсы шығып тұрғандайсыз. Біле білсеңіз, Динара Сәтжан, мен қыздарды мұндай байқаулардан іздемеймін. Мен қатысушыларды сыртқы және ішкі сұлулықтарына қарап бағалау үшін бардым. Ал менің сексуалды қызығушылығыма назар аударғаныңыз көңілімді қуантты. Ол үшін алаң болмаңыз", - деп жауап қайырды актер. Естеріңізде болса, актер Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" байқауында Астана аруы Елназ Нұрсейітованың кітап оқыған-оқымағанын тексермек болып сұрақ қойған еді. Сөзінің соңында ол қыздарға тонна бояу жағып алып, сұлулық байқауына қатысқаннан гөрі, білімдерін тереңдетуге кеңес берген еді.    

Серіктес жаңалықтары