Ерлан Қарин: Қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мыңнан астам адам ақталды

Ерлан Қарин: Қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мыңнан астам адам ақталды

Ерлан Қарин: Қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мыңнан астам адам ақталды
ашық дереккөзі
50543
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысын қорытындылады. Мемлекеттік хатшы «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында бұрын қуғын-сүргін мәселелерін зерделеу ісін әр­түрлі ғалым, тіпті жекелеген ұжым­дар белсенді түрде зерттеп келсе, қазір бұған үлкен академиялық және сарап­шылық күш біріктірілгенін ай­тады. «Мемлекеттік комиссияның жұмыс топ­тарында 316 сарапшы-ғалым жұ­мыс істейді, олардың ішінде 261 адам­ға жабық архивтерде жұмыс істеуге рұқ­сат берілген. Бұдан бөлек, бірың­ғай фор­мат бойынша әр өңірде жергілікті ко­миссиялардың жұмысы ұйым­дас­ты­рыл­ды. Олардың қа­тарын­да 500-ден ас­там адам бар. Екіншіден, іздестіру-зерт­теу жұмыстарын ұйымдастырудың нақ­ты әдіснамасы жасалды. Қуғын-сүр­гін тарихын зерттеуге мұқият, жан-жақты қарау керек. Әрбір ма­териал, әрбір іс архивтен алынып, жұрт­­шылыққа жариялай салатын дерек­тер жиынтығы емес. Бұл – же­ке­ле­ген адамның немесе бір топ адам­ның тарихы. Оларды объективті ба­ға­лау үшін тек қана фактілерге негіз­дел­ген ғылыми зерттеу қажет», – дейді Ер­лан Қарин. Сонымен қатар ол бұл процестерге Бас прокуратураның, Ішкі істер ми­нистр­лігінің және Ұлттық қауіпсіздік ком­итетінің ресурстары да бағыт­тал­ғанын мәлімдеді. Ерлан Қариннің ай­туын­ша, осыған дейін Бас про­кура­тура 2,4 миллионнан астам материал­ды, ҰҚК 1,5 мыңнан астам архив істері мен құжаттарды, ІІМ 5,3 мыңнан ас­там құжатты тексерген. Соның нәти­же­сінде прокуратура органдары жаңа деректерді анықтады және про­курор­лық қадағалау тәртібімен 250 мыңнан ас­там азамат ақталған. Ақталғандар­дың негізгі бөлігі – жер аударылған және күштеп көшірілген азаматтар. «ХХ ғасырдың 20-50-жыл­дарын­дағы қуғын-сүргін кезеңіне қатысты барлық тарихи материалды сақтаудың бірыңғай мемлекеттік қоры құрылады. Бұл бағытта ізденіп жүрген ғалымдар мен зерттеушілердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Сондай-ақ Мемлекеттік комиссия публицистикалық қызметі де бір жолға қойылды. Мемлекеттік ко­миссия аясындағы зерттеу жұмыс­та­рының нәтижелерін ғылыми тұрғы­дан бекіту мақсатында тарихи ма­териал­дарға негізделген ғылыми жи­нақ­тардың топтамасы жарық көрді. Қа­зір қуғын-сүргін жасауға негіз бол­ған ұйымдастырушылық және әкім­шілік құжаттар туралы ақпаратты қам­титын осындай екі жинақ шы­ғарыл­ды. Бұл жұмыс жыл бойына жал­ғасады және Мемлекеттік комис­сия қызметінің академиялық қорын құрайды», – дейді Е.Қарин. Тағы бір айта кетерлігі, алдағы уа­қытта мемлекеттік комиссияның дерек­тер базасы жинақталатын және то­лықтырылып отыратын арнайы пор­­тал құрылмақ. Бұл порталда ақ­тал­­ған, бірақ көпшілікке белгісіз қа­зақ­стан­дықтар туралы бұған дейін біріз­ге түс­пеген, құпия емес мате­риал­дар мен де­рек­тер жарияланып, ғылыми тұр­ғыда жүйеленеді. Осы­лайша, қуғын-сүргін құрбандары туралы жалпыға қолжетімді ақпарат көзі қалыптасып, ол үнемі толық­тыры­лып отырады. Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы тиіс­ті органдар мен мекемелер мем­ле­кеттік комиссияның қорытын­ды­лары мен әзірлемелеріне сүйене отырып өз жұмысын жалғастыра­тынын айтты.

Ә.ІЗТІЛЕУ

Серіктес жаңалықтары