Елордада КамАЗ жүргізушісі полицейлермен төбелесті (ВИДЕО)

Елордада КамАЗ жүргізушісі полицейлермен төбелесті (ВИДЕО)

Елордада КамАЗ жүргізушісі полицейлермен төбелесті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50318
Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полицейлерге шабуыл жасаған деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 30 мамырда болған. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
«30 мамырда сағат 17:20-да оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан КамАЗ автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі жол апатына себепші болған. Жүргізуші полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарын елемей, патрульдік автокөлікпен соқтығысқан, сондай-ақ, ұстау кезінде физикалық қарсылық көрсеткен», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Қазір Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы «Екі немесе одан көп билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сот шешімімен күдіктіге екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Серіктес жаңалықтары