18 жастағы қыз зейнеткерді тонап, өз несиесін жапқан

18 жастағы қыз зейнеткерді тонап, өз несиесін жапқан

18 жастағы қыз зейнеткерді тонап, өз несиесін жапқан
ашық дереккөзі
50344
Талдықорғанда 18 жастағы қыз өз туысының зейнетақы жинағын ұрлады деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бойжеткен 77 жастағы зейнеткер әйелдің 3,5 млн теңгеге жуық ақшасын жымқырған. Полиция 1,7 млн теңгені тауып, заңды иесіне қайтарды. Ал қалған соманы қыз өз қажетіне жұмсап, банктегі кредитін өтеген. Күдікті қарт әйелдің туысқаны екені анықталды. Соңғы екі ай бойы ол зейнеткердің пәтерінде тұрған», - делінген хабарламада.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-тармағы «Ірі мөлшердегі ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары