50615
Абай облысының орталығы болатын Семейдің инфрақұрылымы жақсарады – қала әкімі
Абай облысының орталығы болатын Семейдің инфрақұрылымы жақсарады – қала әкімі
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов санаулы күндерден кейін құрылатын Абай облысының орталығы болатын шаһардың инфрақұрылымы жақсара түсетінін айтты. Алғашқы кезектегі мәселенің бірі – жол жөндеу жұмыстары деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл 60-тан астам көше жолы орташа жөндеуден өтеді деп жоспарланған.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Абай облысының құрылатындығы белгілі. Бұл қала инфрақұрылымының жақсара түсуіне жол ашады. Оның ішінде жолдардың сапасын арттыру – басты мақсаттардың бірі. Сәтбаев көшесі – Семейдегі негізгі көшелердің бірі. Бұл ұзын көше бірнеше ауданды біріктіреді. Сәтбаев көшесі арқылы «Омбы-Майқапшағай» тасжолымен бізге көршілес елдерден келушілер көп. 25 мамырдан бастап мердігер ұйым осы және 2-ші Загородняя көшесінен Омбы-Майқапшағай тасжолына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстарын бастады», - деді Бақытжан Байахметов.Айтуынша, бұл жұмыстарға 45 адам мен 20 техника жұмылдырылған. Барлық жұмыстар осы жылдың маусым айының соңында аяқталады деп жоспарланған. Еске салсақ, Үкімет Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.