50333
Бүгін елордада қоғамдық көлік тегін жүреді
Бүгін елордада қоғамдық көлік тегін жүреді
Бүгін 5 маусым, яғни референдум күні елордада қоғамдық көлік тегін болады. Тегін жол жүру қала маңына қатынайтын маршруттарға да қолданылады деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автобустар әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру жүйесі енгізілген. Бұл шешім қала маңында тұратын балаларға да қатысты. Осылайша, кәмелетке толмағандар үшін тегін жол жүру басталған бері 34 миллионға жуық сапар жасалды.