336
136 алматылық - мемлекеттік награда иегері
136 алматылық - мемлекеттік награда иегері
Биыл136 алматылық мемлекеттік наградаға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасы Жарлығымен биыл мемлекеттік наградаға 136 алматылық ұсынылды. Бұл былтырғыдан екі есе көп. Мұны Мемлекет басшысының алматылықтардың еңбегін ерекше бағалауы деп түсінсек керек», - деді бүгін Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Өз сөзінде ол екі алматылық: ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов пен «Қазақстан Камаретасы» мемлекеттік ансамблінің директоры Гаухар Мырзабекова Ақордада Елбасы қолынан ІІ дәрежелі «Барыс» және «Парасат» орденін алғанын айтты. Бүгінгі салтанатты кеште қала әкімі Бауыржан Байбек сахна төрінде бірқатар алматылыққа мемлекеттік наградаларын табыс етті.
Атап айтқанда, «Базис» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов және архитектор Қазбек Жарылғапов «Парасат» орденімен, режиссер Рүстем Әбдірашов, «Казлегпром-Алматы» ЖШС директоры Айбек Бектұрғанов «Құрмет» орденімен марапатталды.