50333
Әділетті Қазақстан құруға негіз болатын маңызды шешім қабылданды - Мәжіліс депутаты
Әділетті Қазақстан құруға негіз болатын маңызды шешім қабылданды - Мәжіліс депутаты
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өткен референдумға қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Ата Заңымызға енетін жүйелі өзгерістер бойынша жалпыұлттық референдумның алдын ала қорытындысы жария болды. Нәтижесінде дауыс беру құқына ие азаматтардың 68,4 проценті, яғни 8 млн астамы өз мүмкіндігін пайдаланды. Ал олардың 77,2 пайызы өзгерістерді қолдады. Бұл референдум үшін, яғни саяси бәйгесіз өткен сайлау қорытындысы үшін жоғары белсенділік деп білемін», - деді Елнұр Бейсенбаев.Оның айтуынша, ең бастысы, демократиялық, құқықтық, әділетті мемлекет құру бағытындағы халықтың біріге білуі - еліміз үшін ең маңызды қадам екені сөзсіз.
«Парламент үшін әлі 20-дан астам конституциялық заңдар мен заңнамаларды Жаңа Ата Заңымыздың принциптеріне сай келтіру жұмыстары күтіп отыр. Яки, елдің қалауын заңдық негізде іске асыруын шегендеу қажет. Бұл ретте заңнамалық бағытта атқарылар тиісті жұмысты ашық форматта атқаруға дайынбыз. Заң үстемдігі салтанат құрған әділетті Қазақстан құруға негіз болатын маңызды шешім қабылданды. Сондықтан ел болып бірігіп, көздеген мақсаттарымызға нақты қол жетізуді жазсын. Ол үшін жастар тарапынан барымызды салуға дайынбыз», - деді Мәжіліс депутаты.