Алаяққа алданған зейнеткер 5 миллион теңгесінен айырылды

Алаяққа алданған зейнеткер 5 миллион теңгесінен айырылды

Алаяққа алданған зейнеткер 5 миллион теңгесінен айырылды
ашық дереккөзі
50542
69 жастағы ақтөбелік алаяққа сеніп, 5 миллион теңгесінен айырылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz. Биржа өкілі жәбірленушімен байланысқа шығып, ақша аударымы мен комиссия үшін сақтандыру қағазы мен тағы басқа да салықтарды төлеу керектігін айтқан.
«Айтылған операцияны жүзеге асыру үшін жәбірленуші еш ойланбастан барлық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген. Шығын сомасы шамамен бес млн теңгені құрады. Ақшаны алған алаяқ кейін кері байланысқа шықпаған, ер адам өзінің алаяқтардың құрбанына айналғанын түсініп, полицияға арызданды», - делінген хабарламада.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары