Маңызды кезеңге қадам бастық – Нұрлыбек Ожаев

Маңызды кезеңге қадам бастық – Нұрлыбек Ожаев

Маңызды кезеңге қадам бастық – Нұрлыбек Ожаев
ашық дереккөзі
50491
AMANAT партиясы Саяси кеңесінің және Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі Нұрлыбек Ожаев Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өткен референдумға қатысты пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«5 маусымда елімізде өткен жалпыхалықтық референдумда азаматтар таңдауын жасады. Сайлау учаскесіне келген ел тұрғындары маңызды қоғамдық саяси реформаға дауыс беру арқылы мемлекетімізде түбегейлі өзгерістер жасалуын қалайтынын көрсетті. Көпшілік мақұлдап, конституциялық сипатқа ие болған бұл реформалар саяси жүйедегі тактикалық өзгерістерге емес, саяси жаңғыру үшін институционалдық жағдайлар жасауға бағытталған. Конституциялық реформа саяси бәсекелестік үшін жағдай жасауға және азаматтардың саясатта белсенділігін арттыруға зор мүмкіндік туғызып, мемлекеттігіміздің тұғырнамасын өзгертіп, елдігіміздің өркендеуіне оң ықпал етті. Онда қарастырылған ауқымды да маңызды бастамаларды іске асыру – еліміздегі бүкіл саяси жүйені қайта бастауға мүмкіндік береді», – деді Нұрлыбек Ожаев.
Оның айтуынша, жаңарған қоғамда өмір сүріп, оны кейінгі ұрпаққа табыстау –  бізге артылған үлкен міндет.
«Маңызды кезеңге қадам бастық. Алдымызда – ортақ жұмыс, нақты мақсат жетерлік. Сондықтан бірлігі бекем Қазақстан халқының жаңарған қоғамда өмір сүру, оны кейінгі ұрпаққа табыстау – қазіргі буын, бізге артылған үлкен міндет. Сол үдеден шығу жолында жүрегі «Елім», «Отаным» деп соққан әрбір адамның өз деңгейінде, Қазақстанымыздың гүлденіп, дамуы жолында аянбай, табанды еңбек етуі еліміздің шынайы жанашыры ретіндегі азаматтық парызы деп түсінемін», – деді Нұрлыбек Ожаев.
 

Серіктес жаңалықтары