50528
Зардап шеккендер бар: Жетісу облысында автобус аударылды
Зардап шеккендер бар: Жетісу облысында автобус аударылды
Зайсан-Алматы бағытында келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып, бір адам мерт болды. Үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты Алматы-Өскемен тас жолының 396-шақырымында болған.
«Маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні Ақсу ауданы Тарас ауылының маңында жолаушылар автобусы аударылды. Алдын ала болжам бойынша, Setra автобусының 50 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Көлік Зайсан қаласынан Алматыға қарай келе жатқан. Оқиға орнында 66 жастағы әйел мерт болды, тағы үш адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. Жарақат алғандардың ішінде 7 жастағы қыз бала бар», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.